Көпшілікке арналған оферта

САТЫП АЛУ-САТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ (ОФЕРТА)

 

Осы жария шарт (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі – «Сатып алушы» деп аталатын жеке және заңды тұлғаларға арналған, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «USM Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын және онда айқындалған талаптарға сәйкес осы Шартқа қосылған сатып алушылардың бөлшек саудада өткізу талаптарын айқындайды.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1.1. Осы Шарттың мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер қолданылады:

Жария шарт – жарияланатын онлайн сервисті пайдаланудың осы ұсынысы Сатып алушыларға арналған https://shop.nu.edu.kz сайтында тауарларды өткізу және сатып алу тәртібі бойынша Сатушы мен Сатып алушының құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

Акцепт – осы Шартты жасасуға сатып алушының тауар құнын төлеуде көрсетілген толық және сөзсіз келісімі.

Тауардың құны – Сатушы белгілеген тауар үшін төлемнің мөлшері.

Тасымалдаушы компаниялар – сайттағы «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген тасымалдаушылар.

Cайт – https://shop.nu.edu.kz интернет желісіндегі «USM-Astana» ЖШС меншігі болып табылатын имидждік өнімнің интернет-дүкені.

Компании перевозчики — перевозчики, указанные в разделе «Доставка» на сайте.

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ 

2.1. Сатушы ассортименттегі тауарларды (бұдан әрі – «Тауар») Сатып алушыға сатуға міндеттенеді, ал Сатып алушы осы Шарттың талаптарымен тауарды қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

2.2. Осы Шарт Сатып алушыға орналасқан жеріне дейін тауарды жеткізу бойынша өтеулі көрсетілетін қызметтерді пайдалану құқығын бере отырып, осы Шартты акцептеу, тауарға тапсырыс беру жөніндегі рәсімдерді жүргізу арқылы сайтты пайдалана отырып, Тауарды сатып алу-сату бойынша Сатушы мен Сатып алушының арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейді.

2.3. Осы Шарт жария шарт болып табылады, осы Шарттың талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленді және оларды Сатушы дербес белгілейді. Тұтынушының осы Шарттың талаптарын қабылдау (акцепт) фактісі Сатып алушының өзі тапсырыс берген тауарларға осы Шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда ақы төлеуі болып табылады.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Сатушы міндеттенеді: 3.1.1. Сатып алушыға жалпыға қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: сайтта ақпаратты орналастыру жолымен) бұл туралы Сатып алушыны сатып алынатын тауарды жеткізу тәсілдеріне, төлем жасау тәсілдеріне және сатып алынған тауарды жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсететін тасымалдаушы компанияларға және тауарды жеткізу жөніндегі тарифтерге қатысты хабардар ете отырып, ақпарат беруге. 3.1.2. Сатып алушы төлеген тауарды өзі таңдаған тауарды жеткізу тәртібіне сәйкес беруге. 3.1.3. Сатып алушыға тауармен бірге қажетті құжаттаманы беруге. 3.1.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді атқаруға. 3.2. Сатушы құқылы: 3.2.1. Сатып алушының осы Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге. 3.2.2. Сатып алушыны жалпыға қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: сайтта ақпаратты орналастыру арқылы) хабардар ете отырып, осы Шарттың талаптарына өзгерістер (толықтырулар) енгізуге. Егер сатушыға осы Шартқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы хабарланған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сатушы осындай өзгерістерді қабылдаудан жазбаша бас тартуды алмаған жағдайда, осы Шарттың талаптарына өзгерістерді (толықтыруларды) Сатып алушы қабылдаған болып есептеледі. 3.2.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. 3.3. Сатып алушы міндетті: 3.3.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес тауар құнын төлеуге. 3.3.2. Сатушыдан тауарды қабылдауды қамтамасыз ететін барлық қажетті әрекеттерді жасауға. 3.3.3. Осы Шарттың талаптарына сәйкес сатып алушының өзіне алған міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген залалды сатушыға өтеуге. 3.3.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді атқаруға. 3.4. Сатып алушы құқылы: 3.4.1. Тауарды алуға және осы Шарттың талаптарына сәйкес төлем және жеткізу тәсілін өз бетінше таңдауға. 3.4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. 3.4.3. Өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін: - байланыс деректері http://potrebitel.kz/ сайтында орналастырылған тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілеріне; - байланыс деректері https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/ сайтында орналастырылған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарына өтініш жасауға.

 

 

  1. ТАУАРДЫҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ 

4.1. Тауардың құны сайтта белгіленеді.

4.2. Сатып алушы тауардың құнын төлеу тәртібін өз бетінше таңдайды.

4.3. Тауарды сатып алу кезінде Сатып алушы өзіне құны бойынша қажетті тауарды таңдайды, сайт арқылы тапсырысты ресімдейді, жеткізу әдісі мен құнын таңдайды, содан кейін таңдалған параметрлерге байланысты сатушы сатып алушыға төлем шотын жібереді. Төлем шоты сатушы жіберген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде әрекет етеді.

4.4. Сатып алушы сайтта орналастырылған төлем шарттарымен танысқанын және келісетінін растайды.

4.5. Есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүргізіледі.

    5. ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ 

5.1. Тауарды жеткізу Сатып алушы таңдаған жеткізу әдістеріне сәйкес және тауардың толық құнын алғаннан кейін жүргізіледі.

5.2. Жеткізумен тапсырысты рәсімдеу кезінде, сатушының ағымдағы шотына қойылған шот бойынша тауар құны түскеннен кейін, тауар жөнелтуге дайындалады және сатып алушыға жөнелту үшін тасымалдаушы компаниясының өкілдеріне беріледі. Шарт бойынша төлеммен тауар құнын төлеу тәсілін таңдаған кезде тауарды жеткізу алдын ала төлемсіз жүзеге асырылады.

5.3. Жеткізуді жүзеге асыруға техникалық мүмкіндік болған кезде тасымалдаушы компания тауарды сатып алушыға қажетті межелі жеріне жеткізуді жүзеге асырады.

5.4. Сатып алушының тауарды алу фактісі оның курьерлік жүкқұжатқа немесе тауарды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжатқа қол қоюы болып табылады.

5.5. Тауарды қабылдауды сатып алушы тауарды курьермен жеткізген күні, ал почта арқылы жеткізуге қатысты сатып алушыны хабардар еткеннен кейін жүзеге асырады.

5.6. Сатып алушы сайтта орналастырылған жеткізу шарттарымен танысқанын және келісетінін растайды.

5.3. Доставка Товара до места назначения, необходимого Покупателю, осуществляется Компанией перевозчиком при наличии технической возможности осуществить доставку.

   6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

6.1. Сатушы мен Сатып алушы міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

6.2. Сатушы:

6.2.1. Сатып алушыға төлем шотын жіберген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн өткеннен кейін сатушының қоймасында тауардың болуы.

6.2.2. Сатып алушының тауарды пайдалану ережелерін сақтамауы немесе оның кепілдік шарттарын сақтамауы нәтижесінде туындаған тауардағы кемшіліктер үшін жауапты болады.

6.3. Осы бөлімде реттелмеген өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

 

  7. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ

7.1. Сатушы мен Сатып алушының тауарды қайтару, айырбастау жөніндегі қатынастары «ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда регламенттеледі.

7.2. Тиісті сападағы тауарды, егер оның тауарлық түрі (орамасы), тұтынушылық қасиеттері, сондай-ақ көрсетілген тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда қайтаруға болады.

7.3. Егер көрсетілген тауарды тек оны Сатып алушы ғана пайдалана алатын болса (оның ішінде стандартты емес (сатып алушының қалауы бойынша) өлшемдер және т.б.), Сатып алушы жеке айқындалған қасиеттері бар тиісті сападағы тауардан бас тартуға құқылы емес. Заттың жеке анықталған қасиеттері бар екенін растау интернет-дүкенде көрсетілген толтыру көлемі мен толықтыру мөлшері арасындағы айырмашылық болып табылады.

7.4. Заңда және осы Шартта көзделген жағдайларда тауарды қайтару сайтта "Байланыстар"7 бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша жүргізіледі.

7.5. Сатып алушы тиісті сападағы тауардан бас тартқан кезде Сатушы Сатып алушы тиісті талап қойған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей, Сатушының Сатып алушыдан қайтарылған тауарды жеткізуге жұмсаған шығыстарын қоспағанда, Шартқа сәйкес төленген соманы қайтарады.

7.6. Егер соманы қайтару тауарды қайтарумен бір мезгілде жүзеге асырылмаса, көрсетілген соманы қайтаруды Сатушы оның орналасқан жері бойынша қолма-қол ақша қаражатымен немесе Сатып алушы хабарлаған тауарға ақы төлеу жүргізілген, Сатып алушының банктік шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

7.7. Осы тармақта көрсетілген ақшалай қаражатты қайтару тәсілін Сатушы осы Шартта және ҚР заңнамасында көзделген ақшалай қаражатты қайтарудың өзге де жағдайларында пайдалана алады.

 8. ШАРТТЫ ЖАСАСУ ЖӘНЕ БҰЗУ ТАЛАПТАРЫ 

8.1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарын акцептеу сәтінде оны жасасуға және оның талаптарын орындауға барлық өкілеттіктерге ие екендігін мәлімдейді.

8.2. Осы Шарт сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

8.3. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.

8.4. Сатып алушы тапсырыс берген тауарларға ақы төлеген кезден бастап осы Шарт Сатып алушы мен Сатушы арасында жасалған болып есептеледі. Бұл ретте тауар құнын төлеу тұтынушының осы Шарттың талаптарын қабылдау (акцепт) фактісі болып табылады.

8.5. Осы Шарттың күшіне енуі тараптарды ол қабылданғанға дейін туындаған өзара міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

8.6. Осы Шарт жария шарт болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабы).

8.7. Сатып алушы Сатушыға бұл туралы жазбаша түрде хабарлап, бұл ретте бұзу себебін көрсете отырып, осы Шартты өз бетінше бұзуға құқылы. Сатып алушы осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны Сатушының мекенжайы бойынша жібереді.

8.8. Осы жария Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

    9. САТУШЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Атауы: «USM Astana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы, 53

БСН 140740024703

ЖСК:KZ66998BTB0000483704 

«First Heartland Jýsan Bank» АҚ

БСК: TSESKZKA

Телефон: +7(7172)70-26-76, 70-62-01